Басты бет    Жоба туралы    Мониторинг объектілері    Нәтижелер    Байланыс    Жүйеге кіру  
 
 
Login
Not registered?   Sign up
 
Жоба туралы


Қазақстан Республикасында тілдік жағдайға мониторинг пен сараптама жүргізетін автоматтандырылған Жүйесін дамыту және ендіру.

Зерттеу нысанасы ретінде Қазақстан Республикасындағы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар, облыстар, аудандар, Алматы мен Астана қалаларының тілдер жағдайы алынады.

Қазақстан Республикасындағы тіл ахуалының жағдайын төмендегі келтірілген жолдармен анықтау және бағалау «Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының мониторингі мен талдауының автоматтандырылған жүйесін» жасаудың және енгізудің мақсаты болып табылады:
   Әр түрлі деңгейлерде (әр түрлі қызмет салаларының аудан, облыс, қала көлеміндегі ұжымдар) өткізілетін мониторингілік зерттеулердің нәтижелері бойынша тілдерді игерудегі және пайдаланудағы жағдайдың және тенденцияның талдауы.
   Әр түрлі деңгейлер үшін жаңа статистикалық көрсеткіштерді және индикаторларды жасау және енгізу жолдарымен тілдердің қызмет атқару жағдайының бағасы бойынша жаңа аспаптар жинағын құру.
   Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілде коммуникативті хабардарлығын қалыптастырудың жағдай және тенденция талдауы.
   Қазақстан Республикасында тіл ахуалын мониторингілеу бойынша әдістемелік ұсыныстарды дайындау.
   Қазақстан Республикасындағы тіл ахуалы мониторингісін қамту мүмкіндігін жүзеге асыратын программалық құралдарды жасау.


Жүйе J2EE технологиясы негізінде құрылған. Мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде XML пішімінде иерархиялық құрылымда сақталатын өндірістік мәліметтер қорын басқару жүйесі қолданылады.
 
  © Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
Астана қаласы, Министрліктер үйі, тел: 8(7172) 74-05-06, 74-05-08