|
Нәтижелер
Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының мониторингі мен талдауының автоматтандырылған жүйесінде көрсеткіштер мен индикаторларды
статистикалық бағалау әдісі қолданылады. Әр түрлі деңгейлердегі мониторингілер жүргізудің әдіснамасы анықталды, тілдерді игеру және
пайдалану критерийлері жасалды. Талдау жүргізген кезде статистикалық бағалар, сараптамалық бағалар, сапа аспаптары, құжаттама және мәліметтер
талдауы пайдаланылады. Зерттеу нәтижесінде алғашқы рет Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының мониторингі мен талдауының
автоматтандырылған жүйесі және осы жүйеге арналған көрсеткіштер мен индикаторлардың стандарттар жүйесі құрылды.
Негізгі құрылымдық және техникалық-эксплуатациялық көрсеткіштер: тіл ахуалын сипатайтын сандық нақты бағалау.
Ендіру дәрежесі Қазақстан Республикасы территориясында тіл ахуалының мониторингі мен талдауының автоматтандырылған жүйесі алғашқы өңделгеннен
кейін үлгі болады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасындағы 14 орталығындағы және Алматы, Астана қаласындағы тілдерді
дамыту басқармалары қолдап отыр.
Қолдану облысы тілдер жағдайына мониторинг жасау саласы.
Қазақстандағы тіл ахуалына автоматтандырылған жүйеде мониторинг және талдау жасау үшін келесі факторлар бөлініп алынды:
• баптар;
• көрсеткіштер.
Әр бір факторды бағалау үшін Қазақстандағы тілдік ахуалдың ағымдағы жағдайын сандық және сапалық сипаттайтын көрсеткіштерді бөліп алу керек.
Қазақстандағы тілдік ахуалдың ағымдық жағдайын бағалау келесі іс-әрекеттер тізбегінен тұрады:
1) Қазақстан Республикасында тіл ахуалына мониторинг және талдау жасайтын автоматтандырылған жүйе жасау;
2) Қазақстан Республикасында тіл ахуалына мониторинг және талдау жасайтын автоматтандырылған жүйені объектілерге ендіру,
орнату;
3) Факторлар, индикаторлар бойынша мәліметтер жинау;
4) Жүйенің бағалау көрсеткіштерінің мәнін есептеу;
5) Тіл ахуалының жағдайын бағалайтын әр бір идентификатор бойынша сараптау;
6) Тіл ахуалының жағдайын бағалайтын әр бір бағыт бойынша сараптау;
7) Тіл ахуалының жағдайын бағалайтын әр бір фактор бойынша сараптау;
8) Тіл ахуалының жағдайын бағалайтын әр бір көрсеткіш бойынша сараптау;
9) Қазақстан Республикасының әр түрлі саласы бойынша сараптама;
10) Қазақстан Республикасының облыстары және Алматы, Астана бойынша тіл жағдайына
салыстырмалы мониторинг және талдау жасау;
11) Қазақстан Республикасындағы тіл ахулына толық сипаттама беретін комплексті бағалау.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысында жүйенің сервистерімен олардың арасындағы әрекеттесуі жасалды.
Бұл жүйені жасау барысында мына мәселелер шешілді:
Жүйеге Техникалық тапсырма жасалды;
Әр түрлі деңгейлер бойынша Жүйе үшін статистикалық көрсеткіштер мен индикаторлар стандарттар жүйесі құрылды;
Қазақстан Республикасы аумағында тіл жағдайына мониторинг және талдау жасайтын автоматтандырылған жүйесі жасалды;
Жүйенің орталық сервермен және клиент қосымшаларының арасындағы өзара әрекеттесуінің интерфейстері жасалды;
Клиенттік қосымша үшін арнайы бағдарламаық жасақ жазылды;
Жүйе сервистері жасалды;
Қазақстан Республикасындағы барлық сала бойынша тіл ахуалын сипаттайтын автоматтандырылған жүйе негізінде алынған статистикалық
мәліметтер қоры жинақталады.
Қойылған мәселелердің шешімі, Қазақстан Республикасының тіл ахуалын зерттеуге және бақылауға өз үлесін қосады.
|