Өмірбаяны
Портлет менюі


Құрманбайұлы Шерубай

Құрманбайұлы Шерубайтіл маманы,  филология ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001).

1964 жылы Алматы облысында туған.

1991 ж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынның  кіші ғылыми қызметкері ретінде бастап,

1993-1996 жылдары осы институттың ғалым-хатшысы қызметін атқарған. 1996-1999 жж.-әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың  халықаралық қатынастар факультетінде  қазіргі шығыс тілдер кафедрасының,

1999-2001жж. ҚазМҰУ-дың филология факультетінде  қазақ тілі кафедрасының  меңгерушісі.

1994 жылы 10.02.06 – «Түркі тілдері» мамандығы бойынша «Өсімдік мүшелері мен олардың құрылым-құрылысына қатысты терминдер» деген тақырыпта кандидаттық,

1999 жылғы 12 наурызда 10.02.02 – «қазақ тілі» мамандығы бойынша «Қазақ лексикасының терминденуі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

1999-2001 жылдары әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың  терминология комиссиясының төрағасы, диссертациялық кеңестің және факультеттің  ғалымдар кеңесінің мүшесі болды.

2001-2003 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің басқарма бастығы.

2003-2004 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары.

2005-2006  жылдары     ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары.

2006.06-2007. 02 – Л.Гумилев атындағы  ЕҰУ-дың Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының меңгерушісі.

2007.02-2008.02. – ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі,

2008.03. – 2008.10. – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының кеңесшісі,

2009 жылдан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры аударма бөлімінің басшысы.

2009 жылғы 17 тамызынан 2011 жылдың 10 шілдесіне дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры.

2011 жылғы 11 шілдеде ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

          Ш.Құрманбайұлы ҚР ҰҒА-ның «Аса көрнекті зерттеушілер мен талантты жас ғалымдарға» арналған мемлекеттік стипендиясының иегері (1994, 1996).  «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»

(2006), «10 жыл – Астана»

(2008) медалімен мараптатталған.

1998 жылдан бері ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі.

       Ш.Құрманбайұлының ғылыми кеңесшілігімен ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты дайындалған. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ тіл білімінің терминология, лексикология, лексикография салалары бойынша жазылған. Терминология мәселелерін зерттеуге арналған 4 ғылыми монографияның, терминтану саласы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған біренше оқулықтар мен оқу құралдарының, қазақ тілін орыс тілді аудиторияларда оқытуға арналған қазақ тілі оқу құралдарының, бірнеше терминологиялық, екі тілді сөздіктердің авторы. 17 кітап, 150-ге жуық мақала жариялаған. Ол 2002-жылдан Мәдениет министрлігінен шығатын ҚР Үкіметі жанындағы Мемтерминком бюллетені “Терминологиялық хабаршы” журналының редакторы.

     Негізгі ғылыми еңбектері: Қазақ лексикасының терминденуі(монография). “Ғылым” баспасы. Алматы, 1998. 208 бет. Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты (монография). Астана, 2002. 212 бет. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары(монография). Алматы, 2004. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминдер сөздігі (Бекітілген терминдер. Электронды сөздік). Алматы, 2004.  Терминқор қалыптастыру  мен терминқор қалыптастыру тәсілдері. Алматы, 2005. 244 бет. Терминтану (оқу құралы). Алматы, 2006. 244 бет.,  Терминтанушы құралы. (ЖООға арналған оқу құралы). Алматы, 2007.  208 бет.  Алаш және терминтану (монография). Алматы, 2008. 244 бет. Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші. Алматы, 2008. 244 бет. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар қысқарған сөздер. Алматы, 2009. 256 бет., Қоғамдық саяси-лексика. Ағылшынша-орысша-қазақша сөздік (Д.Ембердиевпен бірге). Алматы, 2008. 256 бет.